Елімізде 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды

9 қыркүйек, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views261
Елімізде 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды
фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3 пайызын құрайды. Нәтижесінде 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 221 мың тонна майлы дақыл, 933 мың тонна картоп, 2,2 миллион тоннаға жуық көкөніс, сондай-ақ 2,1 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын жинады.

Оған қоса, 358,1 мың тонна қырыққабат (өнімділік – 369,3 ц/га), 448,1 мың тонна пияз (409,9 ц/га), және 137,8 мың тонна сәбіз (314,7 ц/га) жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде жүргізілуде.