00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының коммуналдық төлемдері кейінге қалдырылды

Су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының коммуналдық төлемдері кейінге қалдырылды
Коллаж: Elordainfo.kz

Үкімет су тасқыны орын алған аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасуда. Зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде.

​Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады. Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады, - деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет:

– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8 (7162) 50-43-27;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Ақтөбе облысы бойынша департаменті: 8 (7132) 55-73-60;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Атырау облысы бойынша департаменті: 8 (7122)21-10-42;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7112) 25-13-25;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Қарағанды облысы бойынша департаменті: 8 (7212) 41-52-96;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Қостанай облысы бойынша департаменті: 8 (7142) 53-52-40;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті: 8 (7182) 32-12-04;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7152) 53-42-56;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Ұлытау облысы бойынша департаменті: 8 (7102)76-03-91.