00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны басталғалы 96 мыңнан астам адам құтқарылды

10 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Су тасқыны басталғалы 96 мыңнан астам адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, әуе кемелерімен 2 823  адам, оның ішінде 865 бала құтқарылған. Уақытша орналасу пункттеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды. 82 559 жануар қауіпсіздік жерге айдалды. Зардап шеккен өңірлерге 167 935 кг гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштермен 8,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұру жұмыстары жүргізілді.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам, 2 655 техника, 469 су сору техникасы және 139 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды. 

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жеке тұрғын үй, 339 аула аумағы су астында қалды. Су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір мен 97 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 69 елді мекен бақылауда, – деді Е.Сайпаш. 

Республикалық және жедел штабтар жұмыс істейді. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.