00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әнші Сүндет Байғожин елордадағы десантшылармен кездесті

10 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әнші Сүндет Байғожин елордадағы десантшылармен кездесті
Фото: дереккөз

Астананың десанттық-шабуылдау бригадасында әлемге әйгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин мерзімді қызметтегі сарбаздармен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Атақты әнші Сүндет Байғожин әскери қызметшілерге өзі жайлы және үлкен сахнаға қалай келгені туралы айтып берді. Ол Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген, Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген. Италияның Йези қаласында тағылымдамадан өтіп, Озима қ. Accademia  D'Arte Lirica опералық ән айту курсын бітірген.

Талантты орындаушы Нью-Йорктегі Карнеги холлда, Берлин филармониясының сахналарында, Париждегі Шанз Элизада, Венадағы Концертхауста және әлемнің басқа да үлкен концерт залдарында өнер көрсетті.

Әскери бөлімде Сүндет Байғожин элиталық әскерлердің қызмет ету шарттарымен танысып, оларға арнайы әлемдік классика жауһарлары мен танымал заманауи хиттерді орындап берді. Әсіресе көрермендерге "Отан" әнінің шырқалуы ерекше әсер етті. Оның керемет дауысы Отанды қорғауға әрқашан дайын жауынгерлердің рухын асқақтатты.

Әнші әскери қызметшілермен бірге Қарулы күштер туралы имидждік роликке түсті. Сондай-ақ, вокалист ән айтуға қабілеті бар сарбаздарды таңдады. Ол Адай Жахия, Әлімжан Ермеков, Асылбек Сапаров және Есіл Сержанұлымен бірге Мүсілім Магомаевтың теңіз туралы "Синяя вечность" атты танымал әнін шырқады.