«Наурыз» бағдарламасы бойынша іріктеуден өткен салымшылардың тізімі жарияланды


«Наурыз» бағдарламасы бойынша 12 мың қатысушы іріктеуден өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Нәтижені қалай тексеруге болады:
1. ЭЦҚ арқылы сайтқа кіріңіз;
2. «Менің өтінімдерім» бөліміне өтіңіз;
3. «Наурыз» қосымша бөлімін таңдаңыз;
4. Өз өтініміңізге басыңыз – нәтиже сол жерде көрсетіледі.
Сондай-ақ іріктеуден өткендердің толық тізімі де otbasybank.kz сайтында қолжетімді.
Іріктеуден өткеннен кейін не істеу керек?
10 сәуірден 16 мамырға дейін (қоса алғанда) несиеге өтінім қабылданады. Өтінімді кез келген банк бөлімшесінде, кеңес беру орталықтарында немесе онлайн түрде бере аласыз.
Өтінім бергеннен кейінгі келесі қадам – тұрғын үй таңдау және рәсімдеу. Көңіліңізге қонымды пәтерді табуға және рәсімдеуге несие мақұлданған күннен бастап 6 ай беріледі.
Жылжымайтын мүлікті Baspana Market платформасынан қарап, таңдайсыз.
Отбасы банкінде бір несие аясында жөндеуге арналған қосымша қаражат алуға да болады.
Егер таза әрленген пәтер таңдасаңыз, бастапқы жарна мөлшері небәрі – 10%.
Айта кетейік, бағдарлама әлі 6 жыл бойы жұмысын жалғастырады. Депозитті тұрақты түрде толықтырып отырсаңыз, тағы да қатысу мүмкіндігі болады.



