МҚІА: Биыл меритократия қағидатын сақтау деңгейі 63,7% құрайды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті меритократия қағидаты бойынша кадрларды тағайындаудың объективтілігі мен ілгерілету бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Айнұр Акупова айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатқан Қазақстанда басты бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздегі мемлекеттік аппараттың жоғары кәсіби жұмысының маңыздылығын бірнеше мәрте атап, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу рәсімдерін жеңілдету, бюрократияға жол бермеу, меритократия қағидатын ілгерілетуге қатысты жаңа міндеттер қойды.
Бүгінгі күнде үміткерлер мемлекеттік қызметтегі өзінің кәсіби қызметін төменгі лауазымнан бастайды, ал олардың одан әрі ілгерілеуі тиісті саладағы еңбегі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, конкурстық және құзыреттері негізінде жүзеге асырылады. Мансаптық ілгерілеу жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстар арқылы жүзеге асады.
Басқа сөзбен айтқанда, меритократия әлдеқайда лайықты кадрларды іріктеу және мемлекеттік қызметшілердің жеке жетістіктерін мойындау негізінде оларды әрі қарай кәсіби және мансаптық ілгерілету деген сөз.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби тәжірибесі болған кезде ішкі конкурстар институтының арқасында өзінің мемлекеттік органында ғана емес, республиканың кез-келген басқа да аумағында мансаптық ілгерілеу мүмкіндігі бар.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен кадрлардың жай-күйіне, меритократия қағидаты бойынша оларды тағайындаудың объективтілігі мен ілгерілетуге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2024-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, меритократия қағидатын сақтау деңгейі 2024 жылы 63,7% құрайды.
2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарында ішкі конкурс бойынша барлығы 32 мемлекеттік қызметші, ал олардың 23 немесе 71,8% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.
Жалпы, әлемдегі кез келген жұмыс беруші, алпауыт корпорация болсын қызметке қабылдау кезінде дарынды, көзі ашық, білімді азаматқа басымдық беретіні сөзсіз. Яғни бұл ең алдымен бәсекеге қабілеттілік дегенді білдіреді. Біздің де ел өңірлерінде бәсекеге қабілетті жастар көп екеніне сенімдімін. Осындай жастарды қабілеттеріне және жетістіктеріне қарай меритократия жолымен өсіру қажет деп ойлаймын.
Соның бір көрінісі ретінде мемлекеттік органның қажеттілігіне қарай үздіксіз кәсіби дағдыларын дамытып, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын жоғары үлгеріммен аяқтаған түлектерін оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде өңірлік органдардың бос жекелеген лауазымдарына уәкілетті органның келісімі негізінде тікелей тағайындау мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің жоғары жұмыс тиімділігін көрсетіп, төрт тоқсан қатарынан бағалау нәтижесі тиімді болған кезде ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымға тағайындала алуы қызметшілерді қосымша талпындырады деп айтуға болады.
Осы тұста, меритократия қағидатын сақтау неғұрлым лайықты кадрларды іріктеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаржы немесе «байланыстар» емес, жеке сіңірген еңбектерін тану негізінде оларды кәсіби және мансаптық ілгерілетуді қамтамасыз етеді.
Осы орайда мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік саясатты қалтқысыз жүзеге асыратын, мемлекет және халық тарапынан сенім білдірілген, заңмен үлкен жауапкершілік артылған тұлғалар.
Сондықтан да әрбір мемлекеттік қызметші мінсіз қызметімен, жұмысындағы жақсы көрсеткіштерімен көрінуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызметші жай қызметкер емес, ол – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір, оның басты ұстанымы – өз қамы емес, елдің қамы, мемлекет мүддесі, өзі қызмет атқаратын мекемесінің абыройы болуы қажет.