00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Министр Светлана Жақыпова азаматтарды қабылдады

23 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Министр Светлана Жақыпова азаматтарды қабылдады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің сайтынан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді. Онда еліміздің әр өңірінен келген 13 адамның мәселелерін қарады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтар өмір сүру сапасын арттыру және мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау, түрлі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету, кәсіпкерлікті дамыту үшін гранттар мен шағын несиелер беру, жұмысқа орналастыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және т.б. мәселелерімен министрге жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.