00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Менің таңдауым – қазақ тілі!» челленджі басталды

5 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Менің таңдауым – қазақ тілі!» челленджі басталды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Менің таңдауым – қазақ тілі!» жалпыреспубликалық челленджі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұйымдастырушы – Мәдениет және ақпарат министрлігі. 

Мақсат – қазақ тілі арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру. 

Челленджге қатысушылар роликтерінде қазақ тілін неге сүйетіні туралы өзінің ой-пікірлерімен, қазақ тілін қалай үйреніп-меңгергені жөніндегі жеке тәжірибелерін айтады.

Іс-шараға танымал тұлғалар, жастар, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қатысып жатыр. 

Челлендж 7 қыркүйекке дейін жалғасады.