МӘМС: Тамызда елордалықтар 7,2 млрд теңге жарна аударды
12 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Жыл басынан бері елордалықтардан медициналық сақтандыру үшін түскен жалпы сома 53,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына сілтеме жасап.
Тамыз айында МӘМС үшін елордалықтар 7,2 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде 3,9 млрд теңге – жұмыс берушілердің, 3,3 млрд теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлердің аударымдары. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүргізетін 7362 төлеушіден 11,02 млн. теңге түскен.
Айта кетейік, төлем Қазақстанның кез келген банкінде, банктердің мобильді қосымшалары арқылы және «Қазпошта» бөлімшелерінде қабылданады. Төлем жасау кезінде ақша аударылатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін, төлем жасалатын айды көрсету керек.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады