«Келешек» жинақтау жүйесіне 35 мыңға жуық салымшы қосылды

фото: t.me/ortcom_kz
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұған дейін елімізде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заң қабылданды. Бұл заң студенттерді қолдаудың қосымша шараларын кеңейтуге мүмкіндік берді.
«Заң қабылданғаннан бері, 8 айда 35 мыңға жуық салымшылар «Келешек» жүйесіне тіркелді»,- деді вице-министр.
Сонымен қатар, әкімдіктер, жұмыс берушілер, әртүрлі қорлар биыл да жылдағыдай мемлекеттік гранттардан басқа 5 мыңға жуық грант бөлді.
Сондай-ақ, студенттердің стипендиясының мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайтылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:01
Топ-5: биыл Қазақстанда ең көп неке қай өңірде тіркелді

Бүгін, 18:32
1,6 млн теңгеге дейін: Мүгедектігі бар адамдарға қандай қолдау көрсетіледі

Бүгін, 14:17
Биыл 5 мыңнан астам адам ел ішінде қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

Бүгін, 13:58
ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады