00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарна түсті

14 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарна түсті
Фото: Оңалхан Өнерхан

2024 жылдың төрт айында қазақстандықтардың зейнетақы шотына 59 млрд теңге түскен.  Бұл биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлем – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы, деп хабарлады Elorda.info «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына сәйкес әр салымшының барлық зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Содан кейін ЖБМЗЖ үш жұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарына аударылады.

ЖБМЗЖ-ның он пайыздық зейнетақы жарналарынан айырмашылығы - бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды.

«Шартты жинақтар - зейнетақы жүйесіндегі қосымша деңгей. Зейнетақының бір бөлігін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Бұл ретте жинақталған ЖБМЗЖ-ның біржолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс», - делінген хабарламада.