Көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерге 400 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны беріледі
![Торғын Аман](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерге 400 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны беріледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925345033317294.webp)
Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі егіс жұмыстары үшін 401 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Жеткізу мерзімі – осы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығы. Бұл туралы Elordainfo.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Энергетика министрлігі басшысының ақпараты бойынша, соңғы екі жылда дизель отынының бағасы литріне 228 теңге деңгейінде ұсталды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ҚҚС есебімен ол литріне 250 теңгеге дейін жетті. Бұл ретте жеткізу операторларының маржасы литріне 22 теңгеге жетті, бұл операциялық шығындары аз автожанармай құю стансаларына қарағанда едәуір жоғары.
«2025 жылғы 30 қаңтарда АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күшін жойды. Энергетика министрлігі ұсынатын дизель отынының қазіргі бағасы тағайындалған станцияға дейін литріне 232 теңгені құрайды. Түпкі бағаны операторлар белгілейді және литріне 254 теңге құрауы мүмкін, бұл литріне 45 теңгеге арзан немесе АЖҚС бөлшек сауда бағасынан 15 % төмен», - деді Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.