Елордалықтарға 8 наурыз мерекесі қарсаңында гүл шоқтары таратылды

7 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалықтарға 8 наурыз мерекесі қарсаңында гүл шоқтары таратылды
Фото: Жансая Таңырқұл

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елорда көшелерінде қала тұрғындарына гүл шоқтарын таратуға арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жиынды «Алматы» ауданының әкімдігі ұйымдастырды. 

«Алматы» ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы қызғалдақ гүлін тарату игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Біз жыл сайын ауданымызда тұратын және жұмыс істейтін әйелдерге күлкі сыйлауға тырысамыз. 8 наурыз – аналарымызға, әжелерімізге, апаларымызға, әріптестерімізге алғысымызды, сүйіспеншілігіміз бен құрметімізді білдіргіміз келетін ерекше күн», - деді ол.

Мерекелік іс-шара аудан тұрғындарының ең көп жүретін орындарында – орталық көшелерде, қоғамдық көлік аялдамалары мен сауда орталықтарының жанында өтті.

Әкімдік қызметкерлері әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, қызғалдақ гүлін сыйлады.

«Бұл күтпеген және өте жағымды сыйлық болды! Жұмысқа асығып, ойға батып бара жатыр едім, кенет қолыма гүл сыйлады. Мұндай іс күні бойға қажет көңіл-күй сыйлайды. Осындай игі іс ұйымдастырғандарыңызға рақмет!» - деді елорда тұрғыны Аяулым.