Елордалық полицейлер халық арасында профилактикалық іс-шаралар өткізді
Тәртіп сақшыларымен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау барысында тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі,- деп хабарлады Elorda.info
Қалаадағы Байқоңыр ауданында «Құқықтық тәртіп», «Есептегі тұлға», «Борышкер» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары, сондай-ақ, «Сіздің учаскелік» атты республикалық акциясы барысында аудан аумағында орналасқан қолайсыз отбасылар мен ІІО-да есепте тұрған азаматтарға тексеріс жұмыстары ұйымдастырылды.
Оған Байқоңыр аудандық полиция Басқармасының бастығы полиция полквнигі М.К. Абиров, аудан прокуратурасы бөлім басшысы, Әділет Департаменті басшылығы, «Lider.kz» қоғамдық еріктілер қозғалысы, Байқоңыр ауданының қоғамдық көмекшілері, Астана қаласы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің пробация қызметінің жеке құрамы қатысты.
Аталған кешенді күштерінің қатысуымен аудан аумағында орналасқан қолайсыз отбасылар, ІІО-да есепте тұрған азаматтарға тексеріс жұмыстары ұйымдастырылды.
Әкімшілік аумақтарды аралау кезінде жеке құрам күшімен және жеке сот орындаушыларының өкілдерімен, прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғылықты мекен-жайы бойынша алимент төлемейтін азаматтарға тексерістер жүргізілді.
Оған қоса, Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция инспекторларымен бірге өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды тексерілді. Мысалы, Күлтегін көшесінде тұратын, үш кәмелетке толмаған бала асырауында тәрбиеленіп жатқан отбасы қамтылды. Тексеріс кезінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы жеткізілді