Биыл Қазақстан халқының саны қаншаға өсті?
2 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросы еліміздің демографиялық жағдайына қатысты жаңартылған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазір еліміздегі халық саны 20 033 546 адамға жеткен. Бір жылда қазақстандықтар саны 266 739 адамға көбейді.
Оның ішінде 12 451 004 адам қалада, ал 7 582 542 адам ауылда тұратыны белгілі болды.
Ең көп халық - Алматы қаласы (2 228 515), Түркістан (2 142 005) және Алматы (1 531 044) облыстарында тұратыны анықталды.
Сонымен қоса Қазақстанда әйелдердің саны 10 249 954 болса, ерлердің саны 9 783 592 адамға ұлғайған.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді