00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Белгілі ақын кітап шығаруға бөлінетін ақшаға қиянат жасауға болмайтынын айтты

14 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Белгілі ақын кітап шығаруға бөлінетін ақшаға қиянат жасауға болмайтынын айтты
коллаж Elorda.info

Белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы Elorda life YouTube-арнасына берген сұхбатында түрлі флешмобтарға кетіп жатқан қаражатты кітап шығаруға бөлу қажет екенін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info

Сондай-ақ ол мектеп кітапханаларына ауқымды бағдарлама қажет екенін жеткізді. 

Астана қаласында Жазушылар одағының 160-тан астам мүшесі бар. Кезінде жұрт Алматыға қалай ағылса, сол сияқты, елордаға да қоныс аударушылар көп. Бәрін бірдей одаққа мүшелікке қабылдап үлгере алмай жатырмыз. Жарғыда белгіленген өзінің шарттары бар. 2021 жылы қала әкімдігімен бірлесіп елордалық 30 қаламгердің кітаптарын шығардық. Яғни 28 автордың дүниелері мен екі антология. Қаладағы барлық кітапханаға тапсырдық. Қазір бұрыннан бар мектептерді тексеріп көрсеңіз, онда баяғы советтік орысша оқулықтар мен түкке керегі жоқ әдебиеттер бар да, қазақша көркем әдебиет жоқ. Сөйтіп отырып қазір әдебиет неге оқылмайды, ақын-жазушыларды танымайды деп байбалам саламыз. Біз оның себеп-салдарын іздеуіміз керек. Мектеп кітапханаларына үлкен бағдарлама қажет. Мектеп хрестоматиялары қайтадан құрастырылуы керек. Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет» бағдарламасымен жарық көріп жатқан кітаптардың тиражы ұзағанда 3000 дана. Ол тек кітапханаларға таратылады. Ол аудандық кітапханаларға жетпейді. Біз бұл кеңестікті әлі толтыра алған жоқпыз. Кітапқа жұмсалатын ақшаны көп көріп жатамыз, ал ол ақшалар түрлі флешмобтарға кетіп жатады. Біреудің тиынын санаушы блогерлер мен журналистер пайда болды ғой, басқа-басқа, кітапқа бөлінетін ақшаға қиянат жасауға болмайды, - деді Дәулеткерей Кәпұлы.