00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты үндеу жасады

10 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде «ең төменгі жеткілікті шегіне жетпесе де зейнетақы жинақтарын алуға болады» деген ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты БЖЗҚ өкілдері қордың Instagram желісіндегі ресми парақшасында үндеу жасады, деп хабарлады Elorda.info

БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан пайдалануға болмайды. Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат таратылуда. БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін ескертіп, мұндай хабарламаларды елемеуге кеңес беретінін атап өтті. 

Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады, - делінген хабарламада.