Қазақстандықтар 100 млрд теңгеден астам ақшасын құмар ойынға жұмсаған
2 маусым, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Бұл туралы Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистикаға сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда былтыр құмар ойындар мен бәс тігу қызметтерінің көлемі 40 есеге өсті. Соңғы 2 жылда құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, қазақстандықтар ең көп жұмсайтын жетекші орынға ие болды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана халықтың шығыны 100 млрд теңгеден асты. Бұл кітапханалар мен мұражайларға қарағанда 70 есе, шығармашылық пен өнерге қарағанда 50 есе, IT қызметтеріне қарағанда 5 есе және жылжымайтын мүлік операцияларына қарағанда 2 есе көп, - деді Марат Ахметжанов.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады