00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«9-20-25» ипотекасы қашан іске қосылады?

«9-20-25» ипотекасы қашан іске қосылады?
коллаж Elorda.info

1 наурыздан бастап Қазақстанда жастарға арналған "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасына қатысуға болады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Krisha басылымы үкімет басшысының Қостанайдағы "Новая газета" басылымына берген сұхбатына сілтеме жасап жазды.

Бағдарламаны жүзеге асыруға 2024 жылға 150 млрд теңге бөлінген. Жоба аясында 8 мың адам тұрғын үй несиесін рәсімдей алады. 

Бағдарлама бойынша 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады.

Еске салайық, Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова бұған дейін "9-20-25" ипотекалық бағдарламасына соңғы бес жылда баспанасы болмаған жұмысшы жастар ғана қатыса алатынын мәлімдеген болатын. Бұл мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы тексеріледі. Сондай-ақ, бір адамның мемлекеттік бағдарламаға бір рет қана қатыса алуына қатысты қатаң талап қойылып отыр.