Елімізде екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстанның мерекелік күндерінің тізіміне Аналар күні мен Әкелер күнін енгізуді ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.
Үкіметі қаулысының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі, – делінген құжат жобасында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Үкімет қаулысының жобасы 2023 жылғы 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады