00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды
ашық дереккөз

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлады Elorda.info

Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.