Автонесие: Бүгін өтінім беріп үлергендер 60 күннің ішінде көліктерін алады
Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, 4 пайыздық автонесиеге өтінім беруге арналған сайтқа 1 милиионнан астам адам кірген.
Негізі сайтқа 1 миллионнан астам пайдаланушы кірді. Оның ішінде өтінім берген 125 мыңнан астам азамат тіркелді. Осы платформаға еліміздің барлық аймақтарынан өтініштер түсті.
Бағдарлама іске асырылғаннан бері осы уақытқа дейін жиналған қаражат 7,6 млрд теңге болды. Револьерлік механизм болғандықтан, жалпы 761 адам тіркеледі деп жоспарланған, - деп түсіндірді Жанар Ибрашева.
Ол осы өтінімдер бойынша несие рәсімдеу 60 күннен аспауы керек екенін айтты.
Несиемен автокөлік алу жұмыстары 60 күннің ішінде аяқталуға тиіс. Бүгін палтформаға тіркелгеннен кейін өтініш беруші автосалонға және банкке барып, өз жұмыстарын жалғастырады. Осы платформа арқылы тіркелген азаматтарға 60 күннің ішінде автокөлікпен қамтамсыз ету жоспарланып отыр, - деді ол.