00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаңтар «сабақтарынан» лайықты қорытынды шығара білуіміз керек – әлеуметтанушы

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаңтар «сабақтарынан» лайықты қорытынды шығара білуіміз керек – әлеуметтанушы
ашық дереккөз

Әлеуметтанушы Шынар Жүсіпқалиева қаңтар оқиғасы қазақстандықтарға үлкен ой салып қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы көпірдің жаңғыруына жаңа серпін бергендігін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Мемлекет болған соң халық наразылығының осылай көрініс табуы халықаралық тәжірибеде бар нәрсе. Алайда ол бөтен пиғылды сыртқы күштердің, радикалды ағымдардың, яғни үшінші тараптың қаруына айналып кетуінен сақтану керек. Бұл орайда екі тарап та – мемлекет пен халық тең жағдайда жауапты. Олай болмаған жағдайда, ең үлкен құндылығымыз бен байлығымыз – тәуелсіздігіміздің шайқалып кетуі мүмкін екеніне куә болдық. Арнайы дайындалған ішкі және сыртқы күштер халықтың осы әлеуметтік мәселелерінен туындаған толқуларды жамылып, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Мемлекет басшысының қиын кезеңде қабылдаған батыл әрі шұғыл шешімдерінің арқасында оқиға желісі толық бақылауға алынып, тәуелсіздігімізді тұғырында сақтап қала алдық.

Қаңтар «сабақтары» бізге нені үйретті? Ең алдымен, биліктің халық жағдайын үнемі тамыршыдай тап басып, қоғамдық көңіл-күйді тепе-теңдікте ұстап отыруға міндетті екенін ұқтырды. Мемлекет басшысы бұл туралы үнемі айтып жүр, өкінішке қарай орындалысы әлі күнге дейін ақсап жатыр. Бізде кез келген мәселені асқынуға жеткізбей, алдын алу шараларын жүйелі жүргізуді қолға алу керек. 

Екіншіден, қоғамдағы пісуі жеткен қордалы мәселелердің жалпы портретін шығару үшін жүргізіліп жатқан көптеген әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне жете мән беріп, талдау-таразылау жұмыстарын күшейту маңызды. Бұл орайда, әсіресе, жұмыссыз жастардың, түрлі деструктивті топтардың, жат ағымдардың әлеуметтік зерттеу нысанасынан тысқары қалмағаны қажет-ақ.  

Үшіншіден, Президент бастамасымен қолға алынып жатқан барлық әлеуметтік-саяси реформалар аяғына дейін жеткізіліп, өзінің тиімділігін, өміршеңдігін дәлелдеуі керек. Сол кезде ғана халықтың сенімі артып, екі тараптың арасында сындарлы диалог қалыптасады, – дейді Шынар Жүсіпқалиева.