Елімізде 19 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді – министр
Елдегі қалалардың жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 19 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлады Elorda.info.
Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша құрылған арнайы комиссия жұмысы аясында 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. «Қызыл» аймаққа – 19, «сары» аймаққа - 11, «жасыл» аймаққа – 7 ЖЭО кірді, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, ЖЭО жабдықтары тозған.
ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66%-ды құрайды, бұл ретте Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларының ЖЭО-ның тозуы 80%-дан асады. Елдің ЖЭО-ның орташа жасы 61 жасты құрайды, оның ішінде ЖЭО-ның шамамен 76%-ы 50 жылдан астам жұмыс істеген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларындағы авариялық ажыратулар саны 2020 жылмен салыстырғанда 5%-ға артты, - деді Болат Ақшолақов.