Алматы облысында 61 жастағы қария зиратта тұрып жатыр (ВИДЕО)
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінде 61 жастағы қария бейіттердің арасына лашық тұрғызып, сонда тұрып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Ер адамның моланы мекендеп жүргеніне жарты жылға жуықтаған.
Көбіне бейіт маңындағы мекемелерден барып тамақтанатын көрінеді. Қалың куртка мен аяқ киімді де сол жанашырлар берді дейді ол. Яғни, атаның мұнда тұратынынан көп адам хабардар. Байқағанымыз, ол кісінің жүйке жүйесі әбден сыр берген. Қоғамға, өмірге өкпелі…
Дегенмен қарт кісінің зират ортасында күн кешіп жатқаны қаншалықты дұрыс? Жергілікті атқарушы органдар жәрдем бере алмас па екен? Бәлкім, қарияны қарттар үйіне өткізуге болмас па екен? Қыста бұл кісінің жағдайы не болмақ? – дейді видео авторы.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді