Көкшетау тұрғыны 3 келіге жуық гашиш тасымалдаған (ВИДЕО)
Ақмола облысының полицейлері гашиш тасымалдаған Көкшетау тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz сайтының жазуынша, Ақмола облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғыны Көкшетау қаласының аумағында есірткі заттарын өткізумен айналысатыны туралы ақпарат алған.
«Қарасора-2022» республикалық ЖПІШ шеңберінде ұстау операциясын жүргізу барысында арнайы бөлімшені тарта отырып, Көкшетау қаласына кіру жолында жедел уәкілдер 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.
Аталған автокөлікті рұқсатсыз тінту барысында жолаушылар отыратын артқы орындықтан жалпы салмағы 2 келі 768 грамм гашиш есірткі заты бар үш полиэтилен пакет салынған спорттық сөмке табылып, тәркіленді. Оған қоса электрондық таразылар табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта есірткімен күрес полицейлері есірткі затын сатып алу орнын белгілеу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі «Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.