Президент Наум Шафердің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Президент профессор Наум Шафердің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорда баспасөз қызметінің БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, филолог, профессор Наум Григорьевич Шафердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Наум Григорьевич үлкен өмір жолынан өтті. Артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырды. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Ол бүкіл саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады. Наум Григорьевичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – деп жазылған жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді