«Менің президентім – Путин»: Петропавлдық екі қыздың желіде айтқан сөздерін ҰҚК назарға алды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Владимир Путинді өз президентім деп атаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті айналысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info ҚазТаг сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК-не жіберілді, - делінген облыстық Полиция департаменті ұсынған ақпаратта.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петропавлда тұратын 18-ге толмаған екі қыздың видеосы тараған.
Олар Петропавлды ежелден орыстың жері екенін айтады. Сондай-ақ қыздардан сайлауда кімге дауыс беретінін сұрағанда, олар Тоқаев үшін емес, Путин үшін дауыс беретіндерін жеткізген.
Сондай-ақ қыздардың бейнежазбада айтқан сөзінше, олардың достары – қазақстандықтар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады