00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаев атындағы телевизиялық байқау жарияланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаев атындағы телевизиялық байқау жарияланды
ашық дереккөз

Конкурсқа жоғары оқу орындарының студенттері мен 30 жасқа дейінгі жас журналистер және режиссерлер қатыса алады.

Конкурс шарттары:

Конкурсқа  2021-2022 жылдары түсіріліп, эфирге шыққан қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады. Конкурс жұмыстары 2022 жылғы 30 сәуірге дейін qazaqstan.tv сайты арқылы жолдануы тиіс.

Байқау аталымдары:

- Үздік деректі фильм;

- Үздік режиссерлік жұмыс;

- Үздік авторлық бағдарлама;

- Үздік сюжет.

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия анықтайды. Үздік шыққан жоба иегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жұмыстар «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми сайтына орналастырылады.

Телевизиялық «Жалын» жастар конкурсы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Бүгінде корпорацияның «Алтын қорында» 1980-1991 жылдары Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаевтың жетекшілігімен ашылған ұлттық телевизия жауһары саналатын «Асыл мұра», «Көкпар» , «Қымызхана», «Алтыбақан» «Айтыс», «Терме», «Тамаша», «Парыз бен қарыз», «Жүректен» қозғайық» бағдарламалары сақтаулы.