00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нан қымбаттамайды – АШМ өкілі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нан қымбаттамайды – АШМ өкілі
ашық дереккөз

Әлеуметтік нан бағасына Үкімет тарапынан реттеліп, мониторинг жүргізіліп отыратыны белгілі. Бірінші сұрыпты ұннан жасалатын нанға ерекше назар аударған жөн. Оның бағасы өңірлерде тұрақты, ол қымбаттамайды да, себебі қымбаттатуға негіз жоқ, - деп атап өтті департамент директоры Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сондай-ақ АШМ өкілі егер аймақтардағы кәсіпорындарда шикізат тапшылығы орын алса немесе астық бағасы күрт өссе, астық құнын субсидиялау бағдарламасы қосылатындығын айтты. 

Осы орайда айта кететін жайт, егер баға қымбаттаған жағдайда астық «Азық-түлік корпорациясы» ресурстарынан жіберілетін болады. Ал өңірлердегі нан бағасы оны қазіргі бағамен өндіруге мүмкіндік беретіндей мөлшерде бекітілген. Айырмашылық мемлекет тарапынан субсидияланады. Қазіргі таңда әлеуметтік нан бағасын қымбаттатуға алғышарт жоқ. Ал басқа нан өнімдеріне келер болсақ, олардың бағасы шикізаттың бағасына қарай өзгереді, - деді  Азат Сұлтанов.