00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда наурыз айында қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда наурыз айында қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды
ашық дереккөз

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 1 наурызда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 114 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Осы жылдың қаңтар айында төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың I тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушылар үшін Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды, – делінген .

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.