Астанадағы автобустарды дезинфекциялауға күніне 2,8 тонна ерітінді жұмсалады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Күн сайын ауысым аяқталғаннан кейін елорданың қоғамдық көлігін жуумен бірге, толық дезинфекциялау жүргізіледі. Тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер мұқият өңделеді. Айта кету керек, автобустарды санитарлық өңдеу үшін күн сайын 2800 литр дезерітінді қолданылады, – деді компаниядан.
Сондай-ақ Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексеруді жалғастыруда.
Өкінішке қарай, бетперде тағудан бас тартатын жолаушылар да бар. Қоғамдық көлікте бетперде тағу қажеттігін ұмытпауға шақырамыз, – деді City Transportation Systems өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
21 қыркүйек, 2024
eGov.kz порталында қамқоршыларға арналған жаңа қызмет түрі іске қосылды
20 қыркүйек, 2024
Қазақстанда визалық режим жеңілдетілді
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды