00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

569 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
569 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді
ашық дереккөз

Комиссияның шешімімен 2021 жылдың үшінші легіндегі стипендия 569 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура мен докторантура бағыты бойынша білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан (оның ішінде «Ғалымдар» санаты да бар) өтуге жіберіледі.

Осы жылы «Қашықтан оқыту методологиясы мен әдістемесі. Педагогикалық платформаларды әзірлеу», «STEM пәндерін оқыту әдістемесі», «Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық», «Педагогикалық инновациялар», «Биология, молекулалық биология, биохимия», «Вирусология. Жұқпалы аурулар. Эпидемиология», «Цифрлық экономика. Сандық маркетинг» және т. б. сияқты мамандықтар сұранысқа ие болды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.