00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алаяқтар еліміздің қай өңірінде көп

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алаяқтар еліміздің қай өңірінде көп
ашық дереккөз

Мұндай құқық бұзушылықтың көбі Алматыда тіркелген: 7,2 мың жағдай — былтырғы көрсеткішке қарағанда 27,9%-ға артық.

Анти-лидерлердің үштігіне Нұр-Сұлтан (5,2 мың жағдай – 49,6% артқан) және Шымкент (3,2 мың жағдай – 11,5% артқан) те кіреді.

"Алаяқтық" бабы бойынша құқық бұзушылық Қызылорда облысында аз тіркелген болып шықты: 599 жағдай — дегенмен бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,5% артық.

Тіркелген осындай құқық бұзушылықтардың 18 мыңға жуығы – интернет-алаяқтыққа, 294 жағдай — төлем карталарын пайдалана отырып құқық бұзушылыққа, 116 жағдай — ақша қаражатын қарызға беру арқылы алаяқтыққа, 70 жағдай — кредит беру саласындағы құқық бұзушылыққа, 6 жағдай — жер құқығы қатынастары саласындағы алаяқтыққа, 5 жағдай жылжымайтын мүлікпен байланысты болып отыр.

Жыл басынан бергі келтірілген залал 50,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 38 млрд теңге, мемлекетке — 8,5 млрд теңге, заңды тұлғаларға 4,3 млрд теңге залал келтірілген. 

Биылғы қаңтар-қазан қорытындылары бойынша алаяқтық жасаған 4,9 мың адам тіркелді — бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2%-ға аз. Олардың ішінде 4 мыңы – жұмыссыз, 127-сі – жұмысшы, 122-сі – мемлекеттік қызметкер, 109-ы – жеке кәсіпкер, 40-ы – оқушы, 10-ы – әскери қызметші.