Нұр-Сұлтанда автоорталық басшысы ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Елорда полициясына жүгінген қала тұрғындары «Nur-AvtoKz» автоорталығы басшысының алдап, ақшаларын иеленіп кеткені туралы шағымданды. Фирманың 28 жастағы директоры автомобиль сатамын деген желеумен азаматтармен келісімшарт жасасып, бірақ шартты орындамаған. Сонымен қатар күдікті сатып алу-сату келісімшартын жасасу арқылы азаматтардың көлігін иемденген. Алайда төлем жасамаған. Ал көлікті үшінші тұлғаға сатып жіберіп отырған», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автоорталық директоры тергеу оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады