00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Вьетнамда тайфунның салдарынан 21 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақат алды

9 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Вьетнамда тайфунның салдарынан 21 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақат алды
фото: www.aa.com.tr

Вьетнамда Яги тайфуны салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті. Бұған қоса 229 адам жарақат алып, 8 мыңнан астам үйге зақым келген. Бұл туралы Elordainfo.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Елдің солтүстігіндегі жағалауға жақын қалалардан 50 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Vietnam News Су ресурстарын басқару және төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасына сілтеме жасап Яги тайфунынан қаза тапқандар саны 21-ге жеткенін хабарлады.

Бұған қоса 8017 үй қирап, 110 мың тектар күріш алқабын су басқан. Су басу және лай жүру қаупі бар аймақтардан тұрғындарды көшіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Вьетнам билігі тұрғындарға көмек көрсету мен құтқару жұмыстарын жүргізуге мың әскери қызметкерді жіберген.

Филиппин мен Қытайдың Хайнань провинциясы да Яги тайфунынан зардап шекті. Филиппинде 20 адам қаза тапса, Қытайда 4 адамның мерт болғаны белгілі болды.