00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еуропада су тасқынынан 22 адам қаза болды

19 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Еуропада су тасқынынан 22 адам қаза болды
Фото: Report.az

Еуропада Борис дауылына ұласқан тасқын құрбандарының саны 22 адамға жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қайтыс болғандар Польша мен Румынияда көп. Бұл екі мемлекеттен бөлек, Аустрия, Венгрия, Словакия, Чехия халқы да зардап шегіп отыр. Бұл туралы Report.az  сайты мәлімдеді.

Польшада бір айға табиғат апаты тәртібі жарияланды. 350 мектеп пен балабақша жұмысын уақытша тоқтатты. Елдің оңтүстігіндегі бір ғана қаладан 40 мың адам эвакуацияланған. Бүлінген үйде есеп жоқ. Чехия үшін бұл кейінгі 27 жылдағы ең алапат тасқын болды. 60 мың үйдің тұрғындары әлі күнге дейін жарықсыз отыр.