Венецияда туристерге қатты сөйлеуге және 25 адамнан көп болып жиналуға тыйым салынды
Венеция туристік топтардағы адамдар санына қатысты шектеу енгізілетінін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz euronews-ке сілтеме жасап.
Бұл Италияның әйгілі қаласына келетін туристер легін реттеу үшін жасалып отырған кезекті қадам.
Енді мұнда туристік топтағы адамдардың саны 25-тен аспауы керек және дауыс күшейткіш құрал қолдануға тыйым салынады.
Венецияның қауіпсіздігіне жауапты маман Элизабетта Пеше мұндай шаралар қаланың тарихи орталығы мен Мурано, Бурано және Торчелло сияқты туристер арасындағы танымал аралдарда қозғалыс легін жақсарту үшін қолға алынғанын айтты.
БҰҰ –ның Мәдениет жөніндегі агенттігі Венецияны қауіп төніп тұрған ЮНЕСКО мұралары тізіміне енгізу туралы мәселені 2 мәрте қарады.
Бұған дейін Венеция билігі бір күнге келетін туристерге салық салынуы мүмкін екенін ескерткен болатын.