Түркияда 4,3 баллдық жер сілкінісі болды
3 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында жер сілкінді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 06:45-те Саимбейли ауданында тіркелді.
Ошағы 7 шақырым тереңдікте.
Бұрын хабарланғандай, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болған еді (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл).
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.
Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдегі Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.
Ұқсас жаңалықтар