00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сингапурда алтын қоймасы ашылды

Сингапурда алтын қоймасы ашылды
Фото: 24.kz

Онда капитал иелері өзінің бағалы металдарын сақтай алады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 

Бір қызығы, қойма ашыла салысымен жұмыс қызған. Бұл туралы 24.kz мәлімдеді. Қойма иелері енді оны кеңейту туралы ойлана бастаған. Негізі ғимараттың ауданы кішкентай емес. 17 мың шаршы метрге жуықтайды. 6 қабаттан тұрады. Мұнда негізінен алтын мен күміс сақталады. Биыл алтынға сұраныс анағұрлым артты. Содан бағасы да өскен.

Жақында бір унциясының құны 2 500 доллардан асып кетті. Күміс те жыл басынан бері 20%-ға қымбаттады. Сарапшылар бұған әлемдегі геосаяси ахуал, экономикалық турбуленттік және еуро мен доллардың әлсіреуі себеп дейді. Содан ауқатты адамдар бағалы металдар сатып алып, жиған-тергенін сенімді қолда сақтауға көшкен.