00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Rolex, әшекейлер мен жақұт тастар: Олимпиадаға келген бапкердің құны $540 тең бұйымдары ұрланды

29 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Rolex, әшекейлер мен жақұт тастар: Олимпиадаға келген бапкердің құны $540 тең бұйымдары ұрланды
Фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes

Париж Олимпиадасына әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар мен жаттықтырушылар бағалы заттарының жоғалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Elorda.info IZ.RU ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлады.

Футболдан Бразилия құрамасының аңызы, ЦСКА-ның бұрынғы жаттықтырушысы Зико қомақты қаржысы мен қымбат бұйымдарынан көз жазып қалды.  

Спортшы таксидің жүк салғышына чемоданын салған сәтте ұрылардың бірі көлікке жүгіріп келіп, айқайлап, жүргізушінің назарын басқа жаққа аударған. Осы кезде екінші адам жүк салғышты ашып, чемоданды алып шығып, ізін суытады.  Зиконың айтуынша, чемоданда Rolex сағаты, жақұт тастар мен алтын әшекейлер және қолма қол ақша болған. Келтірілген шығын  $540 құрады.

Бұған дейін аргентиналық футболшы Тьяго Альмаду жаттығуға кеткен кезде біреулер құны €50 болатын сағат пен сақинасын ұрлап кеткеніне шағымданған. Сондай-ақ, велоспорттан австралиялық құраманың фургондарына түнде ұры түскен.  

Париж Олимпиадасына келген жаттықтырушылар мен спортшылар ғана емес, көрермендер де ұры-қарыдан зардап шекті. Солардың бірі Қатар әмірінің қалыңдығы Тамим бен Хамада Аль Тани. Ниццадан Парижге келе жатқан жолда Hermès фирмасының 11 сөмкесі салынған жүгі жоғалды.