00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

24 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
фото: www.bbc.com

Непалда Saurya Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады Elorda.info ВВС –ге сілтеме жасап.

Покхара қаласына бағыт алған ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында Катманду әуежайы маңында құлаған.  The Himalayan Times  әуе көлігінде 19 адам болғанын хабарлады. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қазір 18 адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер, полицейлер мен әскерилер қираған ұшақ бөлшектерінің астында қалған 37 жастағы ұшқышты алып шығып, ауруханаға жеткізді.