00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мұхиттардың жылынуы рекордты деңгейге жетті

Мұхиттардың жылынуы рекордты деңгейге жетті
фото: pixabay.com

Оның зияны су жануарлары мен өсімдіктерге тиіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info. 

Мысалы, Адрия теңізін балдыр басып кеткен. 

Адрия теңізінің бетіне балдырлар шығып кетті. Италияның Анкона портты қаласы 1 айдан бері осыдан зардап шегіп жатыр. Теңіздегі температура 30 градусқа жетіп, жылы суда микроағзалар тез көбейе бастаған. Жергілікті тұрғындар мен туристер жабысқақ шырыш пен жағымсыз иіске шағымданып әлек. Ғалымдар климаттың өзгеруіне байланысты Италия, Тунис және Кипрдің теңіз аймақтарында балдырлар толық жойылып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.  

Беринг теңізінің жылынуынан 10 млрд шаян аштан өлді

Ғаламдық жылынудың зардабы бұл ғана емес. Беринг теңізінде 10 млрд шаян, яғни 90%-і қырылды. Бұл туралы Science журналында жарық көрген зерттеуде айтылған. Беринг суы 2018 жылдан бері күрт жылына бастаған. Бұл шаяндардың тамаққа деген сұранысын 4 есе арттырған. Бірақ көбі жағдайға бейімделе алмай, аштыққа душар болды. Америкалық экологтар «бұл қауіп артпаса, енді сейілмейді» деп ескертті.  

Теңіз мысықтары азайып барады

Үнді мұхитындағы Кергелен аралдарында теңіз мысықтарының саны жыл сайын 7%-ке азайып жатыр. Бұл мәлімет Global Change Biology ғылыми журналында жарияланған. Ғаламдық жылыну салдарынан теңіз мысықтарына азық жетіспейтін болған. Су температурасы жоғарылаған сайын криль күрт кеміген. Криль теңіз мысықтары қорегінің 80%-ін құрайды. Кейінгі 15 жылда теңіз мысықтарының қатары 2 миллионға қысқарған.