00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді

24 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді
Фото: Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі

23 шілде күні Қырғызстанның Жалалабад облысы Арыстанбап ауылында жаңбырдан кейін су тасқыны жүріп өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Kabar агенттігінің мәліметінше, Жалалабад облысы Базарқорған ауданында селден ішкі жолдар мен жеңіл конструкцияларға зақым келген.

Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. 

18:55 кезінде сел жүрген аймаққа ТЖМ жедел қызметі мен өңірлік ведомствоның басшысы Абдулнасыр Закиров аттанды. 

Зардап шеккендер мен келген шығын жайлы ақпарат нақтыланып жатыр.  

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында да толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, сел жүрген болатын.