Биыл Өзбекстанға 5 миллионнан астам турист барған
Қаңтар-тамыз айларында Өзбекстанға шетелден 5 миллион 40 мың 500 турист барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл сан өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда турист санының 16,5 пайызға артқанын көрсетеді. Жылдың қаңтар-тамыз айларында ең көп турист Тәжікстаннан барған. Өзбекстанға 1 миллион 471 мың 500 тәжік азаматы барған. Бұл туралы TRT басылымы мәлімдеді.
Елге Қырғызстаннан 1 миллион 450 мың 300, Қазақстаннан 1 миллион 22 мың, Ресейден 535 мың 100 турист келсе, Түркиядан 72 мың 900 адам барған.
2019 жылы 6 миллион 748 мың турист келген Өзбекстанға келген шетелдік турист саны Ковид-19 індетіне байланысты 2020 жылы 1 миллион 500 мың, 2021 жылы 1 миллион 800 мың болды.
Өзбекстанға 2022 жылы 5 миллион 200 мың шетелдік турист келсе, 2023 жылы 7 миллион шетелдік турист барған.