Байден президент сайлауына түсуден бас тартты
22 шілде, 2024
Торғын Аман
коллаж Elordainfro.kz
Байден АҚШ президенттігі сайлауына түспейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Джо Байден бұл шешім елі мен партияның мүддесі үшін қабылданғанын айтты.
«Мен үшін сіздердің президенттеріңіз болып қызмет атқару өмірімдегі ең үлкен құрмет болды. Қайтадан сайлауға түсуді ойлағаныммен, елім мен партияның мүддесі үшін одан бас тарттым. Президенттік өкілеттік мерзімім аяқталғанға дейін өз міндетімді атқаруға көңіл бөлуім керек деп санаймын»,– деп жазды Байден.
Ұқсас жаңалықтар