00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркияда тағы жер сілкінді

Түркияда тағы жер сілкінді

Бүгін Қахраманмараштың Гексун ауданында 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Түркия уақытымен таңғы сағат 9-дан 47 минут кеткенде жер сілкінісі болды. Оның тереңдігі 7 шақырымға жеткен.

Түркияда зілзаладан кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелді. Ғалымдар жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер шамамен бір жылға созылатынын айтады. Себебі жоғары балдық зілзала аймақтағы көптеген ақаулық белдеулерге әсер еткен. Қазір Түркияда әрбір 3 минут сайын афтершок тіркеліп отыр.