00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Филиппиндегі су тасқынынан 1,94 млн адам жапа шекті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Филиппиндегі су тасқынынан 1,94 млн адам жапа шекті

Филиппинде су тасқыны болып, 38 адам қаза тапты, бес адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Elorda.info TАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қауіпті ескерту және табиғат апаттарын жою бойынша ұлттық кеңестің сейсенбі күнгі есебіне сәйкес, жауын-шашыннан республиканың 14 өңірінде 1,94 млн-нан астам адам зардап шеккен.
12 қаңтардан бастап жүргізіліп жатқан мекеме есебі бойынша, 316 эвакуация орталығына 116,6 мың адам жеткізілді. 14,3 мың адам үйлерін алдын ала тастап кеткен, 12 азамат түрлі жарақат алды. Республиканың 14 өңірінде су тасқыны мен көшкін сынды 1,37 мың оқиға тіркелді.
Апат салдарынан 1,78 үй бүлінді, шығын көлемі 3,72 млн песоға ($68,4 мың) жетті. 205 инфрақұрылым объектісіне келген шығын 280,2 млн песо ($5,13 млн), ауыл шаруашылығына - 777,5 млн песо ($14,2 млн) деп бағаланып отыр. Су тасқыны 306 жол мен 65 көпірге залал келтірді, 35 теңіз портының жұмысы кедергіге ұшырады. 68 қалада электр желісі бұзылып, бірақ 61-інде қалпына келтіріліп үлгерді. Сегіз муниципалитетте сумен қамту мәселесі туындаса, үшеуінде байланыс үзілген.
622 қала мен 151 муниципалитетте оқу орындарындағы сабақ пен мекемелердегі жұмыс тоқтады. 84 елдімекенде апат режимі енгізілген. Үкімет көмек көрсетуге 101,1 млн песо ($1,85 млн) қаржы бөлді.