00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Молдова тұрғындары қазақ жазушыларының шығармаларын оқи алады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Молдова тұрғындары қазақ жазушыларының шығармаларын оқи алады

Молдованың  Ұлттық кітапханасында Қазақстан орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info Сырты істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Қазақстан Елшілігі Молдова Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өткізді.

Елшілік 30-дан астам атауы бар Қазақстан туралы кітаптар мен қазақ жазушыларының шығармаларын тапсырды. Еліміз туралы материалдарды ұсынатын бұл кітаптар, өнер альбомдары, энциклопедиялар, сонымен қатар классикалық және заманауи әдебиеттер Молдова Ұлттық кітапханасының коллекциясын толықтырады.

Бұған Молдова Ұлттық кітапханасының Бас директоры Елена Пинтели, Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков, Молдова мәдениет, сыртқы істер және еуропалық интеграция министрліктерінің өкілдері қатысты.