Стоунхендждың не үшін салынғаны белгілі болды
Профессор өз тұжырымында жазғандай, бұл күнтізбе Ежелгі Мысырдағыдай қолданылуы керек болған. Бастапқыда Стоунхендж айдың 30 күніне сәйкестендірілген 30 блоктан тұрған, бірақ қазір оның 17-сі ғана сақталған. Сондай-ақ ол бір жылдағы 365,25 күнге шақталған.
Стоунхендждың күн күнтізбесі ретінде қолданылғаны туралы гипотезалар бұрын да болған еді, алайда жұмыстың механизмі толықтай зерттелмеген-ді. Өз жұмысында Тимоти Дарвилл композициядағы бес негізгі трилиттің қыс ортасында бес күнді білдіретінін, ал Стоунхендждегі ең ұзын тас қысқы күн тоқырауындағы күннің шығуын білдіретінін айтады.
Стоунхендж бен Ежелгі Мысыр күнтізбелерін ұқсастығын профессор мұндай күн санау жүйесінің Ұлыбританияға не Африка материгінен, не Шығыс Жерорта теңізі маңынан келуімен түсіндіреді.